Қоғамдық орындарда темекі шегуге болмайды деген заң кәсіпкерлерге кері әсерін тигізуде

Қоғамдық орындарда темекі шегуге болмайды деген заң кәсіпкерлерге кері әсерін тигізуде
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қоғамдық орындарда темекі шегуге болмайды деген заң кәсіпкерлерге кері әсерін тигізуде. Мұндай қорытындыға мейрамхана-қонақүй бизнесі кәсіпорындары ұлттық қауымдастығының мүшелері келіп отыр. Нақтырақ айтсақ, бір жылда мейрамханаға барушылардың саны күрт азайып, табыс көлемі 20 пайызға бірақ түскен. Мәселені, шешу үшін бизнесмендер заңға өзгеріс енгізу керек дейді. Қолданыстағы заңнамада жазғы алаңдарда шылым шегуге қатысты нақты ережелер көрсетілмеген. Оған қоса ғимарат ішіндегі арнайы бөлмелердің қалай жабдықталуы керек екендгі айқындалмаған.

«Мейрамхана ішінде  шылым шегетіндерге арнайы жабдықталған жеке бөлемелерді жасау 3 мыңнан 5 мың долларға дейін жетеді. Қоғамдық тамақтану мекемелерінде шылым шегуге болады, ол туралы заңда нақты айтылған. Бірақ, мекеме шылым шегу үшін арнайы желдетумен жабдықталған болуы керек»,- деді Мейрамхана-қонақүй бизнесі кәсіпорындары ұлттық қауйымдастығының президенті, Игорь КОПАЙЛОВ.

Елімізде 35 мың мейрамхана мен кафе жұмыс істейді. Олардың 15 пайызы ғана темекі шегуге арнайы жағдай жасаған. 4 жарым миллион шылымқоры бар Қазақстан үшін бұл көрсеткіш тым аз дейді мамандар.


Новости партнеров