|
26.12.2016 | 11:00
1251

Ұлттық банк Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына тексеріс өткізе бастады

Ұлттық банк Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына тексеріс өткізе бастады

Ұлттық банк Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына күтпеген жерден тексеріс өткізе бастады. Белгілі болғандай, жоспардан тыс тексеру Зейнетақы қорының меншікті активтерді инвестициялауға қатысты жасалған операциялары бойынша жүргізіліп жатыр.  Бұл ретте, нақты қанша сома жайлы сөз қозғалып отырғаны белгісіз. Зейнетақы қоры қазірдің өзінде «Бузгул Аурум" компаниясы Қырғызстан облигацияларын зейнетақы активтері есебінен сатып алғанын хабарлады. Ал, ондағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелінде аталған бағалы қағаздардың жоқ екенін ресми түрде мәлімдеді. Дегенмен, Ұлттық банк тарапынан жасалып жатқан тексеріс нәтижесі жақын күндері белгілі болмақ.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир