Қазақстаннан соғысқа аттанған әрбір екінші жауынгер майданда қаза тапты – Қ. Тоқаев

из открытых источников
из открытых источников
Осыдан 80 жыл бұрын дәл осы күні Ұлы Отан соғысы басталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Ұлы Отан соғысының басталғанына тура 80 жыл толды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлем тарихындағы осынау қайғылы күнді еске алды. Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv

«Осыдан 80 жыл бұрын дәл осы күні Ұлы Отан соғысы басталды. Қазақстаннан аттанған әрбір екі жауынгердің бірі тарихтағы ең қанды соғыстың майданында қаза тапты. Олардың ғажайып ерлігі халқымыздың жадында мәңгі сақталады. Мұндай қасіретке ешқашан жол бермеу – барша адамзаттың міндеті»  деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.




Новости партнеров