Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне алғыс хаттардан бөлек, бағалы тұрмыстық техникалар мен мерекелік себеттер үлестірілді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мұндай сый-сияпат әр ауданда ұйымдастырылып, бүгін сондай құрметке Алмалы ауданы бойынша 40-тан аса ардагер ие болды. Сыйлықтар сатып алынбас бұрын қарттардың талап-тілектері ескеріліпті, яғни ардагерлерге қажетті деген тұрмыстық техникалар таңдалып алынған. Оның ішінде тоңазытқыш, кір жуғыш машина, газ-плиталары мен теледидар сияқты заттар бар. «Біз біргеміз» акциясы аясында жасалып жатқан шараға еріктілер де тартылған.
«Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, тыл еңбеккерлерін құттықтау, марапаттау, сонымен қатар, қал жағдайын біліп, қажетті заттарын жеткізу сияқты үлкен іс-шаралар легі басталып жатыр. Бұл іс-шаралардың барлығы карантин режимінің барлық ережесін сақтай отырып жүзеге асырудамыз», – деді қалалық «Жас отан» жастар қанатының төрағасы Мәди АХМЕТОВ.
Жалпы мұндай сый-сияпат қаладағы 3 мыңнан астам ардагерге көрсетілді. Оның ішінде 202-сі Ұлы Отан соғысының қатысушысы болса, қалғаны тыл ардагерлері мен соған теңестірілген азаматтар бар. Ұйымдастырушылар ардагерлердің үйін аралап, олардың қал-жағдайларымен танысты. Олар батыр қарттардың соғыс жылдарындағы әңгімелерін тыңдап, батасын алды.
«Тогда мне было 17 лет, месяцев. Войну закончил и наш второй Белларусский фронт на Балтииском море прямо звяли город», – деді Ұлы Отан соғысының ардагері Бисет МАЖАҒҰЛОВ.
«Алматы қаласының тұрғындарын 9 май күні Жеңіс күнімен құттықтаймын! Сіздерге жақсы өмір, жақсы тұрмыс тілеймін!» – деді Ұлы Отан соғысының ардагері Құнаш САРИЕВ.