Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы блок-бекеттегі әскерилер марапатталды

Айтулы күні формадағы айбынды азаматтарға грамота мен естелік сыйлық табыс етілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мәртебесі биік мерейлі мерекеде Алматы маңындағы блок-бекеттегі әскерилер де назардан тыс қалмады. Наурызбай әкімдігі ауданда орналасқан 4-блок-бекетте күндіз-түні елдің қауіпсіздігін қадағалап, қауіпті індеттің таралмауы үшін қалтқысыз қызмет етіп жатқандарды марапаттады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Айтулы күні формадағы айбынды азаматтарға грамота мен естелік сыйлық табыс етілді.        

«Бүкіл Қазақ елінің әр өңірлерінде әскерилер мен полиция қызметкерлері індетпен күресуде орасан зор үлесін қосып жатыр. Олар – полицейлер, әскери қызметшілер, арнайы өкілдері. Сол жігіттерді бүгін осындай мейрамымен шын жүректен құттықтауға ауданымыздағы блок-бекеттерде осындай іс-шара ұйымдастырып жатырмыз», – деді Наурызбай ауданының әкімі Санжар ТОҒАЙ.

Бүгінде Наурызбай ауданында орналасқан барлық блок-бекетте бір ауысымда 250 ден астам әскери қызмет етеді. Еңбегі еленіп, Отан қорғаушылар күнінде сый-сыяпат алған сарбаздар өз кезегінде Отан алдындағы міндетін абыройлы атқаруға, қандай заман болмасын қолына қару алып, елін қорғауға дайын екендіктерін жеткізді.

«Әкімшіліктің біздің осылай құттықтап, елеп-ескеріп жатқанына көп-көп рақмет. Біз де осы жерде екі ай көлемінде атқарған еңбегімізді бағалап, құттықтағандарына рақмет. Және де қарулас достарымызды, осы жерде бірге қызмет атқарып жатқан әріптестеріміздің барлығын Отан Қорғаушылар күнімен шын жүрегімнен құттықтаймын», – деді  Десанттық-шабуылдаушы әскерлерінің І бітімгершілік ротасының взвод сержанты Елдос МАЗҒҰТОВ.

Новости партнеров