|
28.02.2020 | 23:10
2111

Атақты фашистік фельдмаршал Паулюсті тұтқындаған барлаушының кім екені мәлім болды

Ұлы Отан соғысы басталғанда Василий Зинченко небәрі 17 жаста болған

Атақты фашистік фельдмаршал Паулюсті тұтқындаған барлаушының кім екені мәлім болды Almaty.tv

Ер есімі – ел есінде. Сталинград шайқасы кезінде атақты фашистік фельдмаршал Паулюсті тұтқындаған барлаушының кім екені мәлім болды. Ол – алматылық ардагер Василий Зинченко, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

Соғыста барлаушы болған жерлесіміздің ерлігі кезінде еленбей қалған. Ресми ақпаратқа сәйкес шығыс майданының бас қолбасшысы өз еркімен берілді, деп жарияланған болатын.

Ұлы Отан соғысы басталғанда Василий Зинченко небәрі 17 жаста болатын. Жасына қарамастан өз еркімен 41-ші жылы майданға аттанады. Алдымен барлаушылар мектебіне дайындыққа жіберілген боз бала тыңшылық әдістер мен қоян-қолтық ұрыстың қыр-сырын үйреніп, кез келген қарудан атуды меңгеріп алған. Бұдан кейін жау тылына талай мәрте жіберілген жерлесіміз  Сталинград түбіндегі қанды шайқас кезінде, анау-мынау емес Шығыс майданның бас қолбасшысы фельдмаршал  Паулуюсті тұтқындайды. Ол кезде қолға түскен шортанның кім екенін білмесе де, сол сәт мәңгі есміде сақталды дейді ардагер.

«Жау тылында бір топ немісті тұтқындадық. Қақаған аяз болатын. Үсіп тоңса керек, бастарына қабат-қабат шүберек орап алыпты. Сыртынан сардар ма, қатардағы жауынгер ме тану қиын, түрлері аянышты. Мен оларға «Ал, қәне, Хендэхох!» дедім. Немістер бірден қолдарын жоғары көтерді», – дейді Ұлы отан соғысының ардагері Василий ЗИНЧЕНКО.  

Зинченко және оның жолдастары әскери тұтқындарды полк командиріне апарып, тапсыруға асығады. Ұсталған неміс офицерлердің арасында фельдмаршал  Фридрих Паулюстың болғанын барлаушылар кейін білген.

«Полк командирі және басқа да бейтаныс әскери басшылар жиналып тұрды. Тұтқынды әкеліп, тапсырдым. Жарайсың деді. Мен ұстаған немістердің кім екенін білмеген едім, кейін барып командир маған оның ұрыс алаңынан қашпақ болған қолбасшы Паулюс екенін айтты»,– дейді Ұлы отан соғысының ардагері Василий ЗИНЧЕНКО.  

Өкінішке қарай, ол кезде Зинченконың ерлігі ұмыт қалды. Бірақ ардагердің өзі  еңбегім еленбей қалды деп, мәселе көтерген емес. Фашистерді сонау Берлинге дейін қуып барған жауынгер соғыстан кейін Алматыға оралып, зейнетке дейін тер төгіп еңбек етті. Ал біздің парызымыз – ұмыт болған ерлікті өскелең ұрпаққа жеткізіп, батырларымыздың есімін ұлықтау.

Аяулым Көлжігіт, Денис Земцов, Арсен Сандыбаев, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир