Алматылықтар 1 наурыз – алғыс айту күнін атап өтуді бастап кетті

 Almaty.tv
Almaty.tv
Бүгінде «Алғыс күні» АҚШ, Канада сынды елдерде де кеңінен аталып өтіледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматылықтар 1 наурыз – алғыс айту күнін атап өтуді бастап кетті, деп хабарлайды Almaty.tv.  

Айтулы күнге орай, Наурызбай ауданында орналасқан №174 мектеп-гимназиясында бірнеше диаспора өкілі мен ауданның құрметті азаматтары бас қосып, оқушыларға өнегелі әңгіме айтты. Айта кету керек, бұл күн – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнімен тұспа тұс келеді. Жиынға қатысқан өзге этнос өкілдері қазақ халқының қиын-қыстау кезеңде құшақ жая қарсы алғанын еске алып, алғыс білдірді. Қоғам өкілдері мұндай өзгеше күндер адамды қайырымдылыққа, шүкір етіп, барды бағалауға үйретеді дейді. Жалпы рахмет айту күнінің тамыры сонау 1621 жылы ағылшындық колонистердің тойлауынан бастау алады. Бүгінде «Алғыс күні» АҚШ, Канада сынды елдерде де кеңінен атап өтіледі.

«Мен алдыменен көкте құдайға, жерде қазақ халқына алғысымды айтамын. Өйткені қазақтың өзінің бойына дархандығы даласынан дарыған, тектілікке бабасынан жарыған, қазақ ешкімді жатсынбайды, қазақ ешкімді бөлмейді, жармайды», – деді қоғам қайраткері Асылы ОСМАН.  

Новости партнеров