Nur Otan партиясының еріктілері ҰОС ардагерлеріне азық-түлік себетін табыстады
Almaty.tv
Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында Алматыда соғыстың барлық қасіретін бастан кешіргендерге құрмет көрсетіліп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында Алматыда соғыстың барлық қасіретін бастан кешіргендерге құрмет көрсетіліп жатыр. Оларға жаны жомарт жандар азық-түлік себеттерін табыстады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Осылайша, жастар қауымы аз да болса қолғабыс етуді шешкен. Мейірімділік акциясында Nur Otan партиясының еріктілері мен «Мен Алматылықпын» қоғамдық қоры қатысты. Олар алдағы үш күнде 150 себетті табыстауды көздеп отыр.
«Бүгінде Алмалы ауданында 3 мыңнан астам ардагер бар. Олардың қатарында Тылда талмай еңбек еткендері, фашизм тұтқындары бар. Әрқайсысына көңіл бөлініп, көмек көрсетіліп жатыр», – деді Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Айнұр БЕКЖАНОВА.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33