Алматыдағы балабақшада қолөнер сайысы өтті
Almaty.tv
Іс-шара «Балалар жылына» орай ұйымдастырылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Президент 2022 жылды елімізде «Балалар жылы» деп жариялағалы бөбекжайларда түрлі іс-шара көбейді. Бүгін мегаполистегі № 165-балабақшада бүлдіршіндер арасында қолөнер сайысы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
BALAFEST фестивалі аясында өткен жарыста 5-6 жас аралығындағы бүлдіршіндер ата-аналарымен, тәрбиешілермен бірлесе тоқыған, құраған туындыларын көрсетті.
«Көрмеге дайындалу барысында 2 апта жұмыс істедік. Үйде де, балабақшада да, нәтижесінде керемет туынды пайда болды. Келініміз екеуміз екі жақтап, тәрибешілермен бірігіп жасадық. Әсіресе, менің балам қағазбен жұмыс істегенді жақсы көреді. Одан кейін құрастыру жұмысы ұнайды. Біз сол бағытын дамытып жатырмыз», – деді қала тұрғыны Бүбіхан Шәкиева.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33