Алматыда «Домбыра-Дастан» бірінші республикалық домбырашылар байқауы өтті

Almaty.tv
Almaty.tv
Үздік жас орындаушыларға жалпы құны 40 миллион теңге жүлде қоры тағайындалыпты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда бірінші республикалық «Домбыра-Дастан» балалар байқауы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

9 үздік жас домбырашы анықталып, 2 миллион теңгеден 8 миллион теңгеге дейін қаржылай сыйлыққа ие болды. Конкурс аясында ұйымдастырылған концерт «Сәби» қайырымдылық қорының қолдауымен өткен. Айта кетейік, үздік жас орындаушыларға жалпы құны 40 миллион теңге жүлде қоры тағайындалыпты.

«Ең бірінші айналымда 545 бала қатысты. Келесі кезеңге 230 адам өттіп, 35 бала іріктелді. Байқау өте тартысты болды. Ең бірінші қуантатыны елімізде домбыра ұстайтын балалар, жастар қандастарымыздың көптігі өте қуантты», – деді Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің бас дирижері Абылай Тілепберген.

Байқаудың барлық кезеңдерінде жас өнерпаздарға қазақ ән өнерінің белгілі қайраткерлерінен құралған қазылар алқасы төрелік етті. Жарыс жеңімпаздары да байқаудың жоғары деңгейде өткенін атап өтті.¤

«Иә, көңілімнен шықты. Мен 3-кезеңге өткелі бері мен қатты қуандым. Мен 1,5 ай ғана дайындалдым», – деді «Домбыра-дастан» байқауының Гран-при жеңімпазы Аяна Дәулетбай.

«Керемет сезімде тұрмын. «Домбыра-Дастан» байқауының ұйымдастырушыларына алғысымды айтамын», – деді «Домбыра-дастан» байқауының Гран-при жеңімпазы Нұрдәулет Сағатбек.


Новости партнеров