|
26.11.2023 | 10:50
703

Қазақстандық ғалымдар қардан су қорын жинауға шақырады

Қазақстандық ғалымдар қардан су қорын жинауға шақырады Сурет: Аlmaty.tv

Көктемде қардың суын уақытылы жинап алу керек. Орталық Қазақстанның негізгі өзендерінің бойында су қоймаларын салып, өндірісті дамытуға болады, деп санайды география ғылымдарының кандидаты, доцент Дәулет Жүсіпбеков.

– Президентіміз су қоймалар салу керек деп жақсы айтты. Қазақстан аумағында жазық жердің барлығында су көктемде ғана болады. Жазда көптеген өзендеріміз тартылып қалады. Сол көктемдегі қардың суын уақытылы жинап алсақ, соны келесі жылға дейін қолдануға болады. Бізде қазір ондай су қоймаларымыз бар, Есіл, Тобыл өзені, Нояқ ойларында орналасқан. Бірақ ескірген. Көп жыл жұмыс істеген су қоймаларында тұмба жиналады. Содан пайдалы су көлемі азаяды. Міне, соған байланысты орталық Қазақстанның негізгі өзендерінің бойында қосымша су қоймаларын салып, өндірісті дамытуға болады, - дейді  география ғылымдарының кандидаты, доцент Дәулет Жүсіпбеков.

Оқи отырыңыз: Банк саласы Президент жолдауындағы тапсырмаларды қалай орындап жатыр


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

ғалым
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир