Банк саласы Президент жолдауындағы тапсырмаларды қалай орындап жатыр

Сурет: Аlmaty.tv
Сурет: Аlmaty.tv
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Президент жолдауы банк саласында да жүзеге асырылып келеді. Еліміздің банк секторы шалғай ауыл тұрғындарына қолжетімді несие ұсынады. 2023 жылы 1 сәуірде дипломмен ауылға бағдарламасының сенімді агенті болып «Отбасы Банкі» тағайындалды. Бағдарлама аясында ауылдық жерден несиеге үй сатып алу немесе үй салуға төмен пайызбен несие берілетінін айтты.

 – Несиенің ең жоғарғы сомасы 5,2 млн теңге. Шалғай аудандардағы азаматтар несие рәсімдеу үшін қалаға келмей, біздің ұлттық Қазпошта операторымызбен мәселені шеше алады. «Отбасы Банкінен» депозит ашып, несиеге өтініш беру сияқты операцияларын ауылдық жерде қабылдау мүмкіндігін ашуды көздейміз. 2024 жылы осы көрсеткішімізді 100 адамды 500 адамға дейін жеткізіп, пошта қызметімен келісімшарт жоспарлаймыз. Кез келген азамат ақшасын салып депозит ашатын болса оның өсімін 3-5 жылда көре алады. Шалғай ауданда тұратындарға несие береміз. Ол туралы көп адам біле бермейді. Осындай түсініктемелер жүргізу арқылы моноқалаларда несие алу көлемін арттыруды көздеп отырмыз, -дейді  «Отбасы Банк» АҚ Алматы қалалық филиалының директоры Данагүл Түсіпова.

Оқи отырыңыз: Тәуелсіздік декларациясы жарияланған күн - Ұлттық мереке санатына енгізілді


Новости партнеров