Биыл Қазақстан Тәуелсіздік күнінің 32 жылдығын атап өтеді. Маңызды күнді мерекелеу қарсаңында Алматыда бірқатар мәдени, ресми, спорттық іс-шара өтеді. Сондай-ақ түрлі фотокөрмелер мен дөңгелек үстел ұйымдастырылады, деп хабарлайды Almaty.tv.
- 13 желтоқсанда сағат 11.00-де Bastau ойын-сауық кешенінде Алматы ардагерлер кеңесі арасында «Бостандық ауданы әкімінің кубогы» үшін бильярдтан турнир ұйымдастырылады.
- Бұл күні сағат 15:00-де Инновациялық шығармашылық орталығында (Шұғыла ш.а 347/4) зиялы қауым өкілдері мен желтоқсаншылардың қатысуымен «Елімнің бақытын тербеген - Тәуелсіздік!» атты дөңгелек үстел өтеді.
- 15 желтоқсанда сағат 11:00-де Дәстүрлі музыка мультимедиялық орталығында Желтоқсан оқиғасына қатысушылармен «Тәңір сыйы – Тәуелсіздік» атты кездесу ұйымдастырылады, дәл осы уақытта Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар мұражайында «Тәуелсіздік – ел мерейі» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.
- Сағат 15:00-де Қонаев мұражайында «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тірегі» атты фотокөрме өтеді. Көрмеге мұражай мұрағатынан Алматы қаласының ғимараттары мен мәдени ошақтарының фотосуреттері қойылады.
- Сағат 15:00-де Алматы қаласының Орталық мемлекеттік мұрағатында «Тәуелсіздік – аппақ таным арайлы» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтеді.
- Сағат 19:00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Т. Әбдірашев атындағы ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің концерті өтеді.
- 16-18 желтоқсан аралығында сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін К.Әзірбаев атындағы №15 жалпы білім беретін мектепте барлық санаттар арасында классикалық пауэрлифтинг және классикалық стендтік пресс бойынша Алматы қаласының ашық чемпионаты өтеді.
- 18 желтоқсанжа сағат 12:00-де Alatau Creative Hub-та «Тәуелсіз елдің ұрпағы» зияткерлік ойыны өтеді.