Партиялар арасындағы бәскелестік бұрынғыдан да күшейе түседі – Болат Садықов

Партиялар сайлаушылар үшін күрес барысында тұрғындардың проблемасына жылдам жауап беруге, оларды шешу жолын ұсынып, жарияланған шаралардың орындалуына ұмтылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласы мәслихатының депутаты, AMANAT партиясының Алматы қалалық филиалы жанындағы Білім беру және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Болат Садықов ADAL партиясының AMANAT-қа қосылуы жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз басқарудың суперпрезиденттік формасынан түбегейлі бас тартатындығын, Парламенттің, мәслихаттың өкілеттіктерін күшейтіп, партиялық-саяси сала жаңғыртылатынын атап өтті. Енді сайлаушылардың дауысы үшін бәсекелестік барынша өткірлене түседі. Сонымен қатар ADAL саяси партиясының AMANAT партиясына қосылу мәселесі қаралып, Саяси кеңес құрамына өзгертулер енгізілді.

Жалпы қазір партиялық жүйеде белсенді саяси партиялардың күшеюге бет ала бастағанын байқаймыз. Оның бір мысалы ADAL  партиясының AMANAT-қа қосылу туралы шешімі. Партиялардың нығаю үдерісін қолдау қажет, ол азаматтық қоғамға, партиялар, қарапайым азаматтар мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы диалогтың тиімділігіне оң әсер етеді.

Партиялар сайлаушылар үшін күрес барысында тұрғындардың проблемасына жылдам жауап беруге, оларды шешу жолын ұсынып, жарияланған шаралардың орындалуына ұмтылады.

Біз де AMANAT фракциясының мүшесі және мәслихат депутаты ретінде еліміздің дамуы жолында аянбай еңбек етеміз», – деді Болат Садықов.

Новости партнеров