Қазақстанның жаңа даму кезеңін құруға әркім де үлес қосуы керек – Мейіржан Отыншиев

Фото: almalife.kz
Фото: almalife.kz
«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Президент сұхбатына орай пікір білдірді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мейіржан Отыншиев ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Qazaqstan» телеарнасына берген сұхбатындағы мемлекеттік тілге қатысты ойларына пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Мемлекеттік тіл — аса маңызды да ең өзекті мәселе. Бұл ұғымда ерекше мағына жатыр. Ол — ұлт болмысын ұғындырып, төңірегіне жұртты топтастырушы, біріктіруші фактор. Мемлекеттік тілдің өзектілігін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатында атап өткен болатын», - деп атап өтті Мейіржан Отыншиев.

Ол бұл ретте, ел Президентінің айтқан сөзінен үзінді келтіре отырып, Қазақстанның жаңа даму кезеңін құруға әркім өз саласы бойынша үлес қосуы керек екенін айтты.

«Мемлекет басшысы «Біздің халқымыз талай «тар жол, тайғақ кешуді», қилы заманды басынан өткерген. Қиындықтың бәрін жеңген. Кешегі қасіретті оқиға кезінде халқымыз бірлігін көрсетті. Осы құндылықты келешек ұрпаққа аманат етуіміз керек. Қазақстанның болашағы жарқын болатыны сөзсіз. Мен бұған кәміл сенемін. Біздің бір ғана Отанымыз бар. Басқа Отанымыз жоқ. Болмайды да. Еліміздің Тәуелсіздігі бәрінен қымбат» деп ерекше тоқталды.

Расында да, ендігі кезекте жаңа саяси-реформалардың, «әділетті қоғамның» жаршысы ретінде бір кісідей жұмылып, Президентімізге Қазақстанның жаңа даму кезеңін құруға әркім өз саласы бойынша үлес қосуымыз керек. Осы ретте ауызбіршілік, бейбіт өмір сөздерінің мағынасына терең бойлауымыз маңызды», - деді М. Отыншиев.

Новости партнеров