Алматыдағы Алатау ауданында ардагерлер арасында спартакиада өтті

Almaty.tv
Almaty.tv
Спартакиаданың мақсаты – балалар мен қарттар арасындағы байланысты нығайту
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда халықаралық қарттар мерекесіне орай іс-шара жалғасып жатыр. Алатау ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен ардагерлер арасында спартакиада өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қатысушылар шахмат, тоғызқұмалақ сынды ойын түрлерінен бақ сынасты. Алда келе жатқан Республика күні мен қарттар айлығы аясында ұйымдастырылған іс-шарада оқушылар да зейнеткерлерге өз өнерін паш етті.

Спартакиаданың мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттап, балалар мен қарттар арасындағы байланысты нығайту.

– Қарттар бірімен-бірі сөйлесіп, жарысқа қатысады. Зейнеткерліктен кейін де белсенді ғұмырдың олар үшін орны бөлек, – деді Алатау аудандық ардагерлер төрағасының орынбасары Нұрқасым Тоқмолдаев.

Дәстүрге айналған. Қарттармен сайын кездесеміз. Тұрғылықты жердегі ата-әжелермен кездесу арқылы балалардың бойына қазақы құндылықты дарытуға тырысамыз, – деді №152 мектеп-гимназиясы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Нұржан Ақылбекова.

Оқи отырыңыз: Алматыда ата-әжелер форумы өтеді

Новости партнеров