Халықаралық қарттар мерекесіне орай іс-шаралар жалғасып жатыр. Алматының Наурызбай ауданының білім бөлімі «Ата – әулеттің тірегі, әже ұрпақтың жүрегі» атты ата-әжелер форумы өткізуді қолға алды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Форумның мақсаты – отбасы құндылығын насихаттап, балалар мен қоғам алдындағы жауапкершілікті арттыру. Кездесу барысында түрлі мәдени, спорттық шаралар ұйымдастырылды.
– Ата-әженің тәрбиесі ауадай қажет. Қазір жаһандану кезеңіндегі міндет – әкенің, атаның рөлін күшейту. Қазір ауданымызда 12 мектепте «аталар» алқасы, «әжелер» кеңесі құрылып, жұмысын жалғастырмақ, – деді Наурызбай ауданы білім бөлімінің басшысы Салтанат Құсайынова.
Оқи отырыңыз: «Алматы» телеарнасы зейнеткерлерді қарттар күнімен құттықтады