Қазақта бір адам жаққан отқа жүз адам жылынады деген сөз бар. Бір тұлғаның істеген бастамасы, бүкіл халықтың тағдырына әсер етеді. Қазақстан өзінің жасампаздығымен, жаңашылдығымен, әділетті болады, жаңарады. Басқа жол жоқ деп санайды тарих ғылымдарының докторы Хангельді Әбжанов.
– Біздің еліміз күрделі өзгерістерді, ірі оқиғаларды бастан кешіруде. Экономикада, саясатта, идеологияда, мәдениетте және ғылымда өзгерістер көп. Экономикадағы монополиялық қатынастар, биліктегі монополиялық үстемдіктер азайды. Қазіргі оқиғалардың мазмұнына, нәтижесіне қарап, арылу деп бағалар едім. Жаңа Қазақстан ұран күйінде қалмауы керек. Озық технология, үлгі өнегені, ұлттық құндылықты алып келуі тиіс, - дейді тарих ғылымдарының докторы, профессор Хангельді Әбжанов.
Оқи отырыңыз: Бір жылдың ішінде атқарылған жұмыс, алдағы жылдардың баспалдағы - Ұлықбек Есдәулет