Қазақстанда терроризм туралы жалған қоңырау қай өңірде жиі тіркеледі

Almaty.tv
Almaty.tv
Биыл 160 қылмыстық іс тіркелген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда терроризм туралы жалған қоңырау көбейген. Ішкі істер министрлігінің дерегінше көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 12 пайызға артқан, деп хабарлайды Almaty.tv.

Биыл 160 қылмыстық іс тіркелген. Лаңкестікке қатысты жалған хабарлама таратқан 39 азамат жауапқа тартылған. Оның 12-сі өмірі бойы темір торға қамалды. Қылмыстық деректер Астана, Алматы сияқты ірі қалалар мен Қарағанды және ШҚО-да жиі тіркеледі.

– Биыл полицейлер қасақана жалған лаңкестік әрекет жасағаны үшін Алматыда - 6, Қарағанды облысында - 4, Астана, Жамбыл, Маңғыстау және Павлодар облыстарында бір-бірден, барлығы 14 кәмелетке толмаған баланы ұстады. Сондай-ақ олардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Балаларды тәрбиелеу бойынша тиісті шаралар қолданбағандықтан ірі көлемде айыппұл салынды, – деді ҚР ІІМ Экстремизмге қарсы күрес департаментінің аға тергеушісі Азамат Хасенов.

Оқи отырыңыз: Алматыда 700 бірлік контрафактілік өнім тәркіленді


Новости партнеров