|
25.11.2023 | 14:54
628

Президент қолдауымен «Жайлы мектеп» бағдарламасы іске қосылды

Президент қолдауымен «Жайлы мектеп» бағдарламасы іске қосылды Сурет: Аlmaty.tv

ҚР Еңбек ері, педагог Аягүл Миразова елінің келешегін ойлаған адам, алдымен бесігін түзейді. Президентіміз білім беру саласында үлкен еңбек жасап, ұлттық экономиканы, кәсіпкерлікті дамытуға баса көңіл бөліп отырғанын айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

– Мен білім саласының қызметкері болғандықтан, біздің білім саласына жасалған үлкен өзгерістерге тоқталғаым келеді. Әрине білім мектептен басталады. Шәкірттеріміздің тең білім алуы үшін «Жайлы мектеп» бағдарламасы іске қосылды. Ол жай ғана мектеп емес, ол мектептің ішінде баланың өсуіне, өркендеуіне, қабілетінің артуына білімінің терең болуына жан-жақты жағдай жасалған. Әрі материалдық-техникалық базасы бар мектеп. Сонымен қатар баланың жан-жақты дамуы үшін түрлі инновациялық орталықтар ашылып жатыр. Бұл жақсы өзгерістер, - деді ҚР Еңбек ері, педагог Аягүл Миразова.

Оқи отырыңыз: Академик Асқар Жұмаділдаев: еліміздің ғылым саласына көңіл бөліне бастады


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир