Республика күні: Алматыда қайырымдылық акциясы өтті

20.10.2023 19:56

Игі шара ҚХА «Аналар» кеңесі ұйымдастырды

Almaty.tv

Алматыдағы №1 балалар үйінде Республика күні қарсаңында қайырымдылық акциясы өтті. Игі шара ҚХА «Аналар» кеңесінің мұрындық болуымен ұйымдастырылған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мерекелік бағдарлама аясында бүлдіршіндерге дастархан жайылып, кәдесый табысталды. Сондай-ақ балалар өнер көрсетіп, өлең оқыды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараның мақсаты – жас ұрпақты елін сүюге тәрбиелеу.

– №1 балалар үйіне тәрбиеленушілерді Республика күнімен құттықтадық. Мақсатымыз – ұлттық мерекенің маңызын көрсетіп, баланың бойында жастайынан патриотизм, туған елге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру. Балалар үйіне жиі келуге тырысамыз. Олардың көңіл күйін көтергіміз келеді, – деді ҚХА «Аналар» кеңесінің төрайымы Махинұр Исраилова.      

– Республика күніне байланысты қонақтар келіп, балалара дастархан жайып, тілегін білдіріп жатыр. Сый-құрмет көрсеткен жандарға алғыс айтамыз, – деді №1 балалар үйінің директоры Роза Бекешова.

Оқи отырыңыз: Республика күні: Алматыдағы еріктілер игі істер марафонын бастады