|
17.10.2023 | 15:20
873

Республика күні: Ұлттық мерекенің ұлттық сипаты болуы қажет

Республика күні: Ұлттық мерекенің ұлттық сипаты болуы қажет elements.envato.com

Бодандықтан босап, еркіндікке қол жеткізуге жасалған қадам тарихтың жаңа парағы болмақ. Сондықтан егемен еліміздің іргелі қағидаты – Декларация қабылданған күн алтын әріппен жазылып қана қоймай, жаңа мәртебеге ие болуында ерекше мән бар. Қазақстандықтарды келе жатқан ұлттық мерекемен өнер қайраткерлері құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазақстанның еңбек ері Асанәлі Әшімов жастар ұлы күннің қадірін жете түсініп, болашақты жарқын етуге бар күш-жігерін салуы тиіс екенін айтты.

– Келешекте мемлекетіміз еркін болсын! Қай салада болмасын, еркін жұмыс істейік. Халықтың әл-ауқатын өсіріп, барлығы халық үшін қызмет қылса, еліміздің еркіндігі білінеді, – деді Қазақстанның еңбек ері Асанәлі Әшімов.

«Ұлттық мерекенің сипаты да ұлттық болуы қажет» дейді өнер қайраткерлері. Республика күні – талай тарихтан сыр шерткен, еліміз үшін маңызды дата. Бұл күні тарих пен тағылым кең дәріптелуі тиіс.

– Тәуелсіз мемлекетіміз үлкен бір шаңырақ болса, біз әрқайсымыз соның бір-бір уығы болып қадалуға тиіспіз. Сондықтан қымбатты ағайын, той құтты болсын! Еліміз жасай берсін, дами берсін. Болашағы зор болсын. Бабалар аңсаған «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман» енсін! Сол заманды көретін ұрпақ аман болсын! – деді дәстүрлі әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Жанпейісова.

Оқи отырыңыз: Республика күнінде заңсыз митинг ұйымдастыруға жол берілмейді - ІІМ

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир