|
17.10.2023 | 14:53
4754

Республика күнінде заңсыз митинг ұйымдастыруға жол берілмейді - ІІМ

ІІМ күшейтілген режимде жұмыс істейді

Республика күнінде заңсыз митинг ұйымдастыруға жол берілмейді - ІІМ Almaty.tv

Республика күнінде заңсыз митинг ұйымдастыруға жол берілмейді. 25 қазанда полиция күшейтілген режимде жұмыс істемек. Қауіпсіздікті қатаңдатуға желіде желдей ескен ақпарат пен бейнежазбалар себеп болған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Осыдан бірер күн бұрын әлеуметтік парақшаларда жолда кетіп бара жатқан полиция көліктерінің видеосы тарады. Онда азаматтардың алдағы мерекедегі митингіге дайындалып жатқаны айтылған. Бұл ақпаратқа қатысты Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха пікір білдірді. Құзырлы орган өкілі бейнежазбаны өзі әлі көрмегенін айтты. Мұнымен қоса, мерекеде елдің тыныштығын бұзып, заңсыз шеру ұйымдастыруға рұқсат берілмейтінін жеткізді.

– 25 қазан - мемлекеттік мереке, біз оған дайындаламыз. ІІМ күшейтілген режимде жұмыс істейді. Қазір әкімдіктерден барлық іс-шараны сұрап жатырмыз. Қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етеміз. Біз ешқандай митинг өткізуге жол бермейміз, – деді ҚР ІІМ орынбасары Игорь Лепеха.

Оқи отырыңыз: Ұзынағашта пышақ жарақатын алған қызға ота жасады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир