|
25.11.2023 | 16:20
756

Тәуелсіздік декларациясы жарияланған күн - Ұлттық мереке санатына енгізілді

Тәуелсіздік декларациясы жарияланған күн - Ұлттық мереке санатына енгізілді Сурет: Аlmaty.tv

Президент сайлауынан кейін елімізде бірқатар оң өзгерістер болды. Ел үшін ең маңыздысы - Тәуелсіздік декларация жарияланған күнді ұлттық мереке санатына енгізу деп санайды тарих ғылымдарының докторы Берекет Кәрібаев.  

– Алғашқы құрылтай 2022 жылы өтті. Президент ұсынысымен 25 қазан Тәуелсіздік декларациясы жарияланған күн деп белгіленді. 29 қыркүйекте арнайы заң қабылданып 25 қазан Ұлттық мереке санатына енгізілді. Сонымен қатар мемлекеттік атақ-дәрежелер қайтарды. Мемлекет басшысы Қазақстанның халық жазушысы деген атақты қайтару керек деді. Биыл 25 қазан қарсаңында 5 жазушымыз Қазақстанның халық жазушысы деген атаққа ие болды, - деді тарих ғылымдарының докторы, профессор Берекет Кәрібаев.

Оқи отырыңыз: Академик Асқар Жұмаділдаев: еліміздің ғылым саласына көңіл бөліне бастады


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир