Тәуелсіздік күні: Мұхтар Шаханов жастармен кездесті

Almaty.tv
Almaty.tv
Іс-шарада ақынның өлеңдері оқылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстанның халық жазушысы, ғасыр тұлғасы Мұхтар Шаханов жастармен кездесті. Шығармашылық кеш Алматыдағы мектептердің бірінде ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шарада ақынның өлеңдері оқылып, жиналған жұрт драматург қайраткер жайында біраз ақпар білді. Басқосуда Шаханов сөз сөйлеп, ақ батасын берді. Егеменді еліміздің, жалпы қарға тамырлы қазақ қоғамына еңбегі сіңген азамат азаттықтың мәніне кеңінен тоқталып, тәуелсіздіктің оңай жолмен келмегенін еске салды. Сондықтан оны қорғау, мемлекеттің беделін көтеру болашақтың міндеті екенін айтты.

– Қазақ халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Еліміз аман, халқымыз тыныш болсын! – деді Қазақстанның еңбек ері Мұхтар Шаханов.

Оқи отырыңыз: Тәуелсіз Қазақстан: Мұғалімдер арасында интеллектуалды ойын өтті

Новости партнеров