|
18.10.2023 | 17:58
733

Республика күні: «Абылай хан» қойылымы сахналанды

Спектакльді оқушылар мен студенттер тамашалады

Республика күні: «Абылай хан» қойылымы сахналанды Almaty.tv

Алматыда Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен Республика күніне орай «Ұлы Абылай хан – таңдаулы деректер үзіндісі» атты театрландырылған қойылым ұйымдастырылды. Елі үшін сіңірген еңбегі мен ерлігі мол ұлы тұлға Абылай ханның отансүйгіштігін насихаттау мақсатында көрсетілген спектакльді бүгін оқушылар мен студенттер тамашалады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қойылымды жоғары оқу орындарының шәкірттері асқан шеберлікпен сахналап шықты.

– Бұл спектаклді үлкен театрларда көріп жүрміз. Егер қойылымды аға актерлер ойнаса, балалар түсінбей қалуы мүмкін. Ал өздерінің замандастарын сахнада көріп, алдына мақсат қойып, ары қарай орындаса, қуаныштымыз, – деді ұйымдастырушы Мадияр Сарыбай.

Оқи отырыңыз: Алматыда Республика күні қалай тойланады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир