Сонымен қатар оларға кәсіп бастау үшін 1 миллион теңге қайтарымсыз қаражат беріледі
Танымал блогер, экономист, журналист Дәулет Төлеутайұлы солтүстікке 5 отбасын көшірді. Бұл туралы блогер өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл бастама «Бала-шағамен Солтүстікке» жобасы аясында жүзеге асқан. 5 сәуірде бастау алған қайырымдылық жобасының жоспары бойынша, қоныс аударған отбасыларға баспана, балаларды мектепке орналастыру және кәсіп бастауға 1 миллион теңге қайтарымсыз қаражат беріледі.
Жоба аясында солтүстікке қоныс аударған Аманжол мен Гүлмираның 6 баласы бар. Олар мұнда Жамбыл облысынан келген.
«Жобадан өткен кезекті отбасын таныстырсақ, Аманжол мен Гүлзира Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылынан көшіп келді. Олардың 6 баласы бар. Гүлзира ханым - фельдшер. Ал Аманжол мырза мал шаруашылығымен айналысқысы келеді. Оның ішінде қой шаруашылығын дамытуды жоспарлап отыр», - делінген хабарламада.
Солтүстікте үйлі болған Гүлмира Нұрғалиева халыққа ештеңеден қорықпай қоныс аудаурға кеңес беріп, өзіне көрші болуын тіледі.
Қор тарапынан қайырымдылық жоба қатысушыларына баспанадан бөлек төмендегідей көмек беріледі:
Жобаға 2022 жылдың 5-15 сәуір аралығында 1311 өтінім келген. Қоныс аударатын жандардың атқаратын жұмыстарына, бизнес идеяларына мән берілген.
Бұдан бөлек арнайы сауалнамадан жоғары балл жинап «Бала-шағамен Солтүстікке» жобасында үздік танылған 5 отбасы:
1. Сұлтамұратов Аманжол – Нұрғалиева Гүлмира; Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылы – 6 балалы отбасы
2. Әйтімов Айдос – Сатыбалдиева Әлия; Шымкент қаласы – 7 балалы отбасы
3. Салқымбай Эльдар – Мұхаметжан Айкүміс; Алматы облысы Қарасай ауданы Елтай ауылдық округі – 5 балалы отбасы
4. Баймырзаев Абзал – Маханова Перизат; Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған бекеті – 5 балалы отбасы
5. Байғұлов Мұратбай – Ұзақова Гүлнұр; Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Бесшоқы ауылы – 6 балалы отбасы