|
15.01.2024 | 19:05
2983

Қазақстан халқына: Болат Жәмішев қорға түскен ақшаның қайда жұмсалғанын айтты

"Қазақстан халқына" қоры осыдан 2 жыл бұрын ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен құрылған еді

Қазақстан халқына:  Болат Жәмішев қорға түскен ақшаның қайда жұмсалғанын айтты Almaty.tv

«Қазақстан халқына» қоры 2 жылда 90 миллиард теңге жұмсаған. Бүгін қор басшысы Болат Жәмішев бұл ақшаның қайда кетіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Қазақстан халқына» қоры білім, әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт, сонымен қатар денсаулық сақтау саласындағы мәселелерді шешу үшін қаржылай көмектеседі. Болат Жәмішевтің айтуынша, денсаулық сақтау саласына ақша көп жұмсалып жатыр. Оған себеп – ағзаны ауыстыруға, донорлыққа қолдануға арналған заңның жоқтығы. Мәселен осы күні Қазақстанда 4 мың науқас шұғыл түрде ағзасын трансплантациялауға зәру.

– «Қазақстан халқына» қоры 304 науқасқа ағза трансплантациялау үшін АҚШ-тағы орталықпен келісімшарт жасасты. 98 науқасқа ота жасалып, көз қабығы салынды. Егер Қазақстанда ағза трансплантациясына қатысты заң болса, мұндай операцияларға ақша жұмсамайтын едік. Заңның жоқтығына байланысты, қомақты қаржы құртып отырмыз. Қазақстан адам ағзасын ауыстыру бойынша рейтингте ең төменгі орында тұр, – деді  «Қазақстан халқына» ҚҚ басқарма төрағасы Болат Жәмішев.

Бұдан бөлек, қор білім саласына да баса мән беріп отыр. Ауыл мен қала мектептерінің сапасын теңестіру бойынша бірнеше жобаны қолға алған.

– 150 кабинет толықтай жабдықталды. Қалған 39 кабинет қажетіне сай жабдықталды. 25 мыңға жуық мектеп оқушылары жаңа кабинеттерінде сабағын жалғастыратын болады, – деді Білім саласы бойынша ҚҚ төрағасы Арман Байғаскин.

«Қазақстан халқына» қорына бас аяғы 200 миллиард теңгеге жуық қаражат жиналған. Оның 131 миллиарды елдегі 660 компаниядан түскен. «Самұрық-Қазына» 20 миллиард теңге, ал жеке тұлғалар 39 миллиард теңге аударған. Қарапайым азаматтардан да қорға ақша түскен.

Айта кетейіК, «Қазақстан халқына» қоры осыдан 2 жыл бұрын ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен құрылған еді. Осы уақыт ішінде қор 90 миллиард теңгеге қайырымдылық көмек көрсеткен. Ал жалпы құны 177 миллиард теңге жоба іске асырылады.

Өмір Серікбекұлы, Данияр Омар, Дастан Темірбекұлы, «Алматы» телеарнасы, Астана

Оқи отырыңыз: Былтыр қанша этникалық қазаққа қандас мәртебесі берілді

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир