Өзге этнос өкілдерінің Қазақстан туралы пікірі

Сгенерировано ИИ
Сгенерировано ИИ

Кейбірі тіпті ана тілімізді ғана емес, дініміз бен ділімізді үйреніп, дәстүрді дәріптеп жүр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

130-дан астам түрлі ұлттың ынтымағы жарасқан Қазақстандағы айтулы датада ел азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетуде. Оның ішінде өзге этнос өкілдерінің құттықтауы да бар. Айта кетсек, олардың барлығы бүгінде Отанымыздың мүддесін қорғап, қазақ қоғамының ажырамас бөлшегіне айналған азаматтар. Кейбірі тіпті ана тілімізді ғана емес, дініміз бен ділімізді үйреніп, дәстүрді дәріптеп жүр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүгінгі мереке – Анастасия Ульченко үшін ерекше күндердің бірі. Қазірде қазақ тілін үйретіп, насихаттап жүрген ол бала күнінен ұлтымыздың мәдениетіне жақын екенін айтады. Оған үйдегі тәрбие мен өскен орта әсер етті дейді. Анастасияның өзі – Алматы облысының тумасы, украиндер отбасында дүниеге келген. Ата-анасы елге сонау Кеңес өкіметі тұсында қоныс аударған екен.

«Қазақстанға қоныс аударған кезден бастап, қазақ халқымен біраз нәрсені бастан өткіздім. Туған жеріме, қазақ тіліне рахметімді білдіргім келеді», – деді қазақ тілі пәнінің мұғалімі Анастасия Ульченко.

Еліміздегі өзге этнос өкілдері «Бүгінгі қоғамда басқа ұлтты алалау мен бөлу бар»деген жансақ пікір» дейді. Барлығы да көршімен тату, біріне дос, біріне туыс екенін айтты.

«Біздің мемлекетте басқа ұлт өкілдеріне ешқандай қысым жасамайды. Бәріміз татумыз. Мәселен Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілі тұрса да, бәріміз бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз», – деді қазақ тілі пәнінің мұғалімі Алина Кан.

Алғыс айту күні елімізде 2016 жылдан бар. Бастапқыда ол Қазақстанға жер аударылған түрлі этностардың қиын-қыстауда сыртқа теппей, бауырына басқан халқымызға ілтипатын білдіретін мереке ретінде аталған. Кейін жалпыға ортақ айтулы датаға айналды.

Оразай Нұртайұлы, Әлішер Ерғалиұлы, «Алматы» телеарнасы

Оқи отырыңыз: Атыраулық үлескерлер үйсіз қалды

Новости партнеров