|
22.11.2023 | 21:57
81

Тыңдайтын, еститін, әділетті мемлекет құрылуы тиіс

Тыңдайтын, еститін, әділетті мемлекет құрылуы тиіс Сурет: Аlmaty.tv

Әділеттілікке қол жеткізу тыңдаудан, естуден бастау алады. Бұл үлкен процесс. Оған уақыт қажет екенін профессор, педагогика ғылымдарының кандидаты Нұрсұлу Әлқожаева айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

- Мемлекет басшысы халықты тыңдай біледі. Оған көзім жетті. Қазір әртүрлі мәселеге қатысты кез келген адам Президентке үндеу жолдап жатыр. Әлеуметтік желі ашық.Сонымен қатар бір жылдың ішінде әр салаға қолдау көрсетілді. Оқытушылардың, мектеп мұғалімдерінің айлық жалақысын көтерді. Бұл қуантарлық жағдай. Жақсылыққа бірінші аяқ басылды. Екінші баспалдаққа көтерілу тек Президетке ғана қатысты емес, әрбір мекеме басшысының естіп тыңдай алатынына да байланысты болмақ. Осы мәселе біртіндеп қолға алынып жатыр деп ойлаймын, - дейді профессор, педагогика ғылымдарының кандидаты Нұрсұлу Әлқожаева.

Оқи отырыңыз: Президент ұлттық бизнеске қолдау көрсетеді


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир