Alatau Creative Hub орталығы жаңа технологияны қазақтың ұлттық мәдениетімен ұштастыра білген

Бұл туралы Жазушылар одағының хатшысы Ғалым Қалибекұлы айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Alatau Creative Hub инновациялық-мәдени орталығы жаңа технологияны қазақтың ұлттық мәдениетімен ұштастыра білген. Бұл туралы Жазушылар одағының хатшысы Ғалым Қалибекұлы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Мұндай орталықтар өте сирек кездеседі. Қала әкімінің айтуынша, Жаңа Алматының тұрғындарына жасаған сыйы. Біз де орталыққа Жазушылар Одағының атынан қазақтың марғаска классиктерінің кітаптарын сыйладық. Ақын-жазушылардың оқырманмен, жас оқырман кездесу өткізетін, кітаптың тұсаукесерін өткізетін таптырмас тамаша орталық. 


Жаңа технологияны қазақтың ұлттық өнерімен қолөнерімен, дәстүрі, ән-күйімен, рухани қазынасымен (кітап) ұштастыра білген тамаша орталық. Біздің жастарымыздың іздеп келетін мекеніне айналады деп ойлаймын», – деді  Жазушылар одағының хатшысы Ғалым Қалибекұлы.

Новости партнеров