|
16.02.2024 | 09:01
1675

Медеу ауданында 23 көппәтерлі тұрғын үйдің қасбеті жаңартылды

Бұл туралы Медеу ауданының әкімдігінде хабарлады

Медеу ауданында 23 көппәтерлі тұрғын үйдің қасбеті жаңартылды қала әкімідігінің баспасөз қызметі

Алматының Медеу ауданында ағымдағы жөндеу аясында 23 көппәтерлі тұрғын үйдің қасбеті жаңартылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы Медеу ауданының әкімдігінде хабарлады. Жұмыс «Самал-3», «Думан-2» шағынаудандарында, сонымен қатар, Достық және Абай даңғылдарында жүргізілді.

Қала көркіне көрік қосу үшін магистральдық көшелер бойындағы үйлердің қасбеті боялады. Бұған тарихи үйлер де кіреді.

Қасбетпен бірге, «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында Медеу ауданында 7 балалар алаңы абаттандырылып, тереңдетіле көмілген (жер асты) үлгідегі 22 қоқыс контейнері орнатылды.

2023 жылы Медеу ауданында барлығы 107 аула абаттандырылып, 56 тереңдетіле көмілген контейнер орнатылды. 2024 жылы 30-ға жуық үйдің қасбетін жөндеу жоспарланып отыр.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир