|
30.05.2024 | 09:12
892

Алматыда кезекте тұрған тағы 164 отбасы қоныс тойын тойлайды

Баспаналы болған жандарды Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Ғалымжан Әбдішүкірұлы құттықтады

Алматыда кезекте тұрған тағы 164 отбасы қоныс тойын тойлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда үй кезегінде тұрған халқының әлеуметтік осал тобына жататын екінші лектің 164 тұрғынына жалдамалы пәтердің кілті табысталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Естеріңізге сала кетейік, бірер күн бұрын ХӘОТ санатындағы кезекте тұрған 124 адамға пәтер кілті табысталды. 124 пәтердің 49-ы бір бөлмелі, 75-і екі бөлмелі.

Баспаналы болған жандарды Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Ғалымжан Әбдішүкірұлы құттықтап, жалдамалы пәтерлер қаланың коммуналдық тұрғын үй қорынан бөлінгенін хабарлады.

«Үй кезегінде тұрған 164 адам халықтың әлеуметтік осал тобына жатады. Бұл жетім балалар, I және II топтағы мүгедектер, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, зейнеткерлер, толық емес отбасылар. Олар ай сайын пәтердің жалдау ақысын төлейді. Бір бөлмелі пәтерді жалға алу құны шамамен 10 мың теңге, екі бөлмелі пәтерге шамамен 15 000 теңге керек. Коммуналдық қызметке ай сайын ақы төлеу қажет. Бағдарламаның шарты бойынша азаматтарға пәтерді жалға беруге немесе қайта жоспарлауға тыйым салынады», - деді ол.

Пәтер кілтін алған екі баланың анасы алматылық Дариға Мақажанова өмір бойы 10 шаршы метр жатақханада әпкесімен бірге тұрған екен.

«Менің екі балам бар. Қызым Аружан мүгедек. 2012 жылы мен ХҚКО-ға барып, кезекке тұрдым. Қазір әпкеммен және балаларыммен бір бөлмеде тұрамын. Өте тар, кейде арамызда түсінбестік те туады. Пәтер кілті берілгенін естігенде, жыладым, сенбедім. Бізге екі бөлмелі пәтер берілді», - деді ол.

Он жылдан астам уақыт бойы тұрғын үйге кезегінде тұрған Әлия Бежанова да пәтер кілтін алып, баспаналы болды.

«Екі баламмен бірге талай жыл кезекке тұрдым. Біз қазір қала сыртында 120 мың теңгеге пәтер жалдап тұрамыз. Бізге қоңырау шалып, пәтер туралы айтқан кезде сенбедік. Басында алаяқтар деп ойладық. Көптен күткен пәтеріміз үшін Алматы қаласының әкімдігіне рахмет айтамыз! Әлі күнге дейін қуаныштан жылап жүрмін», - деді ол.

Оқи отырыңыз: Экзотикалық өнім: Түркістан облысында алғаш рет банан өнімі жиналды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир