Алматының ветеринарлық қызметінде көлік паркі жаңартылды

02.04.2024 14:16

Басты мақсат – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, малдан адамға жұғатын аурулардың алдын алу

қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының ШЖҚ «Қалалық ветеринарлық қызметі» КМК бұралқы жануарларды аулау қызметінің материалдық-техникалық базасын нығайтқанын хабарлайды. Бұралқы жануарларды аулау қызметінің көлік паркі 16 жаңа бірлікпен толықты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Биыл 29 наурыздан бастап жаңа арнайы техникалар қаланың барлық ауданында жүреді. Автомобильдерді аудандарға бөлу және аулау бригадаларын нақты аумақтарға бекіту аудан әкімдіктерімен жасасқан меморандумға сәйкес жүзеге асырылады.

Жаңа техниканы қолдану аулау қызметі жұмысының жеделдігі мен тиімділігін айтарлықтай арттыруға, жануарларды тасымалдау жағдайын жақсартуға, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және адамгершілікпен қарауға мүмкіндік береді.

Басты мақсат – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, малдан адамға жұғатын аурулардың алдын алу, Алматы қаласының аумағында қараусыз қалған жануарлардың санын азайту.

Оқи отырыңыз: Алматыда жол жөндеу жұмыстары басталады