|
08.09.2022 | 09:18
3583

Жетісу ауданында жол жөндеу жұмыстары қалай жүріп жатыр

Ауданда ұзындығы 15,3 км болатын 13 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді

Жетісу ауданында жол жөндеу жұмыстары қалай жүріп жатыр gov.kz

Қала әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданы тұрғындарымен кездесуінде аудандағы жол инфрақұрылымының сапасын жақсарту жұмыстары қалай жүріп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ауданда ұзындығы 15,3 км болатын 13 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

"Жетісу ауданында өткен алғашқы кездесуімде Көкжиек шағынауданының тұрғындары кварталаралық көшелерге жөндеу жүргізу туралы өтініш білдірді. Алматы қаласының әкімдігі бұл жұмыстарды аяқтады, 5,3 км жолға асфальт төселді. Осы жылдың қараша айына дейін ұзындығы 11,9 км болатын тағы 9 көше жөндеуден өтеді", - деп мәлімдеді әкім.

Оның айтуынша, тұрғындардың жайлы және ыңғайлы жүріп-тұруы үшін Қазыбаев, Февральская, Ратушный, Еламан, Жарсуат, Қоянды көшелерінде 6 мекенжайға 3 км жаңа тротуарлар салынды. 

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир