|
30.06.2022 | 09:41
1680

Түрксіб ауданындағы 7 көшеге 5 шақырым тротуар салынады

Бұл туралы Алматы қаласы әкімі тұрғындармен кездесуі барысында айтты

Түрксіб ауданындағы 7 көшеге 5 шақырым тротуар салынады

Түрксіб ауданында 486 көшенің 439-ы немесе 90%-ті асфальтталған. Бұл туралы Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесуі барысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Жол инфрақұрылымы қанағаттанарлық жағдайда. Ауданда 486 көшенің 439-ы немесе 90%-ті асфальтталған. Осы жылы қалған 47 көшеден 10,2 км 17 көшеге жол төсемінсіз орташа жөндеу жұмысы жүргізіледі», – деді Ерболат Досаев.

Ал Қайрат және Әлмерек шағынауданына 2 жылдың ішінде сумен жабдықтау желілері салынып, асфальт төселеді.

«2022 жылдың желтоқсан айында Құлжа күре жолы – Бұқтырма көшесінің қиылысындағы көлік жолайрығының құрылысы аяқталады.

Биыл 7 көшеге 5 шақырым тротуар салынады. 65 көшеге тағы 53 км тротуар қажет. Бұл жұмыстар жалғасатын болады», – деді ол.

Сондай-ақ жаяу жүргіншілердің Рысқұлов даңғылы мен Ержанов көшесінің бойындағы магистральды темір жол учаскесін қауіпсіз кесіп өтуі үшін қыркүйек айында

2 жерүсті өткелін салуға мемлекеттік сараптама алынады. Жұмыстар 2023 жылдың бірінші тоқсанында басталады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир