Жетісу ауданы саябақтары мен алаңдары қалай абаттандырылып жатыр

ainews.kz
ainews.kz
Наурыз айында Кемел шағынауданында жаңа саябақтың құрылысы басталады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2022 жылы Жетісу ауданын абаттандыру жұмыстары жалғасты. Бұл туралы есеп беру кездесуінде қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Айнабұлақ-1, 3 шағынаудандарының сквері мен Гүлдер саябағы ағымдағы жөндеуден өтті, суару жүйелері жөнделді, жаңадан жарық тартылды. Скейт-парктер ұйымдастырылған 2 жаңа жастар алаңы ашылды. Заманауи стритбол, баскетбол, волейбол және воркаут алаңдары жабдықталды.

«Наурыз айында Кемел шағынауданында жаңа саябақтың құрылысы басталып, жыл соңына дейін бітеді. Сонымен бірге, III тоқсанда Көкмайса шағынауданындағы Есентай өзенін абаттандыру аяқталады. «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында былтыр ауданда 23 жоба іске асырылды, оның ішінде балалар мен спорт алаңдары жөнделіп, қоғамдық кеңістіктер ашылды», – деді қала әкімі.

2023 жылы қала тұрғындарының өтініші бойынша 800 млн теңгеге 17 жобаны іске асыру жоспарланған.

Новости партнеров