|
13.07.2023 | 09:53
437

Бостандық ауданында жаңа электр станциясы іске қосылады

Бұл туралы қала әкімі Е.Досаев тұрғындармен кездесуінде айтты

Бостандық ауданында жаңа электр станциясы іске қосылады Фото ашық дереккөзден

Бостандық ауданында жаңа «Алмагүл» қосалқы станциясына 4,8 км электрмен жабдықтау желісі тартылды. Оны шілде айының соңында іске қосу жоспарланған. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Е.Досаев Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтты,  деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл шамамен 200 мың тұтынушыны электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз етеді. «Алатау Жарық Компаниясы» акционерлік қоғамының желісі бойынша шілде айында 77,5 км жоғары вольтты электр кабель желілерін, 98 дана трансформаторлық станциялар мен тарату пункттерін күрделі жөндеу жұмыстары басталды. 

Сонымен қатар 1,5 км кабельдік желілер ауыстырылып жатыр, ол жыл соңында бітеді деді әкім. Маусым айында ауданның қосылған аумақтарында Ерменсай және Ремизовка шағынаудандарында 47,2 км электр желілерін реконструкциялау жұмыстары басталды. Аяқталуы – 2024 жылдың сәуірі.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир