«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта студенттік флешмоб өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
300-ге жуық студент Мәңгілік алау алдындағы алаңға шығып, осы бастаманы жүзеге асырудың маңызын атады. Мұндай шараны өткізу адамдардың қоршаған ортаға деген қамқорлығын арттырады, табиғатқа аялауға шақырады.
Флешмоб соңында студенттер саябақ аумағын қоқыстан тазартты.
Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуірде «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны басталды. Әрбір тұрғын қаланы дамыту мен көркейтуге үлес қоса алады.
Толық ақпарат almaty.kz сайты мен Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында жарияланады. Сондай-ақ, қаладағы баннер, плакат және афишалардағы арнайы QR-код арқылы веб-сайтқа кіруге болады.
Науқанның белсенді қатысушыларына арналған әлеуметтік желідегі хэштегтер: #АлматыНашОбщийДом, #НасМногоГородОдин, #АлматыБіздіңОртақҮйіміз, #БізКөппізҚалажалғыз.