|
12.04.2024 | 10:34
1460

ҰҚК 18 халықаралық және 9 аймақтық есірткі арнасының жолын кесті

Алынған есірткі құны «қара нарықта» 5 млрд теңгеден аса бағаланады

ҰҚК 18 халықаралық және 9 аймақтық есірткі арнасының жолын кесті

Биылғы бірінші тоқсанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті 18 халықаралық және 9 аймақтық есірткі арнасының жолын кесті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәлімететріне қарағанда, Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша 53 операция жүргізген, оның 16-сы шет мемлекеттердің мүдделі құзыретті органдарымен бірлесе жүргізілген.

«Іс-шаралар қорытындысы бойынша 18 халықаралық және 9 аймақтық есірткі жеткізу арнасы, сондай-ақ 10 жасырын есірткі зертханасының қызметі жойылды. Жалпы айналымнан 800 кг-нан астам есірткі мен психотроптық заттар, 4 тонна көкнәр сабанының шикізаты және синтетикалық есірткі жасау үшін пайдаланылатын 10 тоннадан астам химиялық реагенттер алынды. Алынған есірткі құны «қара нарықта» 5 млрд теңгеден аса бағаланады, ал айналымға жіберілмеген көлем шамамен 4 млн бір реттік дозаны құрайды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ онда ҰҚК халықаралық есірткі айналымына қатысы бар деген күдік бойынша 72 Қазақстан азаматы мен шетелдікке қатысты сотқа дейінгі тергеп тексерулер жүргізіліп жатқаны айталған.

Оқи отырыңыз: Студенттер 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта флешмоб ұйымдастырды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир