Әр қатысушы Bala QR — фестивальдің жеке маршруттық паспортын алады
1 маусым күні Алматы балалардың, технологиялардың және болашақтың үлкен қаласына айналады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
«БАЛАFEST – 2026» — Балаларды қорғау күніне арналған ауқымды қалалық фестиваль. Мұнда әрбір бала нағыз интерактивті шытырман оқиғаның қатысушысы болады.
Әр қатысушы Bala QR — фестивальдің жеке маршруттық паспортын алады. Балалар тақырыптық аймақтардан өтіп, тапсырмалар орындап, Bala Coins жинап, ғылым, шығармашылық, спорт, AI және заманауи технологиялар әлемін кезең-кезеңімен зерттейтін болады.
Фестиваль бағдарламасында: робототехника, ғылыми эксперименттер, digital-art, киберспорт, шеберлік сабақтары, спорттық белсенділіктер, сыйлықтар, фотозоналар және үлкен концерттік бағдарлама.
Ал басты сахнаның музыкалық хедлайнері — «Альфа» тобы.
1 маусымда сағат 12:00–16:00-де Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова атындағы мемориалдық скверде -(Төле би көшесі / Абылай хан даңғылы) баршаңызды «БАЛАFEST – 2026» фестивалінде күтеміз!
Оқи отырыңыз: Алматыда Балаларды қорғау күні қалай аталып өтеді: 1 маусымға арналған іс-шаралар бағдарламасы