Жыл басынан бері Медеу ауданының экономикасы 7%-ға өскен
inbusiness.kz
Оның даму драйверлері бөлшек сауда, өнеркәсіп және құрылыс болып табылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданы халқымен кездесуінде осы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне тоқталып өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Аудан экономикасының өсуі 7%-ды құрайды, оның даму драйверлері 84%-ға өскен бөлшек сауда және 4,1%-ға өскен өнеркәсіп, құрылыс (3,4%) болып табылады", - деді әкім.
Оның айтуынша, инвестиция көлемі 35,3%-ға өсіп, 191,4 млрд. теңгені құраған.
Шағын және орта бизнес көлемі 29,6%-ға өсті (36 593 субъект).
Ауданда 4 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылды.
Салық түсімдерінің көлемі 751 млрд. теңгені құрап, 42,9%-ға өсті.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
02.10.2026 10:15
Алматыда Халықаралық қарттар күніне арналған фестиваль өтті
01.10.2026 20:15