Алматының екі ауданында уақытша суық су болмайды
ашық дереккөз
Бұл - қысқа мерзімді шектеу жаңа су құбырын магистральдық желілерге қосу үшін қажет
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматының екі ауданында уақытша суық су болмайды, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Алматы су" МКК мәліметінше, 9 маусым күні сағат 09:00-дан 21:00–ге дейін Түрксіб ауданындағы Аймауытов, Сауранбаев, Молдағалиев, Шолохов, Р. Зорге, Осипенко, Ержанов, Боралдай көшесінде орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарға суық су беру тоқтатылады;
10 маусым күні сағат 09:00-дан 20:00-ге дейін Жетісу ауданында орналасқан Филотов, Багратион, Меркулов, Ақпаев көшесінде және Сейфуллин даңғылы мен Шилов, Жансүгіров көшесі бойындағы тұрғын үйлерге және өзге де ғимараттарға суық су беру тоқтатылады.
Суық сумен қамтамасыз ету қызметі бойынша қысқа мерзімді шектеу жаңа су құбырын магистральдық желілерге қосу үшін қажет.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
SU LAB Street: Алматыда жаңа ғылыми зертханалар көшесі ашылды
02.11.2026 13:10