Алматыда Саин - Шаляпин көшесі уақытша жабылады
Depositphotos.com
Әкімдік өкілдері көлік жүргізушілеріне жол жүру бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы көшелерінің бірінде уақытша көлік қозғалысы тоқтатылады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жаңа жол жабындысын төсеу үшін Саин-Шаляпин көшесі қиылысындағы жолайрықтың шығыс бөлігі 8 маусымда кешкі сағат 22.00-ден 9 маусым таңғы сағат 06.00-ге дейін ішінара жабылады. Ал 9 маусымда кешкі сағат 22.00-ден 10 маусым таңғы сағат 06.00-ге дейін толық жабылады.
Бұл орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған. Әкімдік өкілдері қала тұрғындарынан келтірілген қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, жол жүру бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
13.10.2026 10:48
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
13.10.2026 08:13
Ең төменгі жалақы мен зейнетақы мөлшері екі есе өсті
12.10.2026 13:10
Қысқа видеолардың бала миына кері әсері бар ма
12.10.2026 13:51