Алматы экономикасы тұрақты өсімді көрсетті

31.07.2024 15:05

Көлік, құрылыс, тұрғын үйді пайдалануға беру, байланыс және сауда сияқты салалар өсімнің драйверлері болды

Алматы әкімдігі / пресс-служба города Алматы

2024 жылдың бірінші тоқсанында Алматының жалпы өңірлік өнімі 4,7% өсіп, 5,3 трлн теңгеге жетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматының Экономика басқармасына сілтеме жасап.

Көлік, құрылыс, тұрғын үйді пайдалануға беру, байланыс және сауда сияқты салалар өсімнің драйверлері болды. Басқарманың мәліметінше, қысқа мерзімді экономикалық индикатор 0,6%-ға өсіп, 102,4% көрсетті. 2024 жылы экономиканың өсімі 5,5% деңгейінде болады деп болжанып отыр.

Бұрын хабарланғандай, 2023 жылы Алматының ЖӨӨ 24,8 трлн теңге болды, бұл соңғы 10 жылдағы рекордтық көрсеткіш.

Оқи отырыңыз: Талдықорғанда бір топ жігіт жасөспірімді соққыға жықты