Талдықорғанда бір топ жігіт жасөспірімді соққыға жықты

elements.envato.com
elements.envato.com
Құқық қорғау органдары бұзақы топты іздестіру шарасын бастап кетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қаладағы көпқабатты үйдің бірінде бір топ жігіт жасөспірімді өлімші етіп сабаған. Олардың бұл қылықтары бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Әлеуметтік желіге тараған жайт ақпан айында болған. Әзірге видеоны кім жүктегені жөнінде ақпарат жоқ, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Көптің ашуын тудырған бейнежазбаға қатысты полиция іс қозғады. Құқық қорғау органдары бұзақы топты іздестіру шарасын бастап кетті.

«Полицейлер бір топ жасөспірімнің төбелесіне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бейнетаспаға түсірілген оқиғаға қатысы бар адамдарды анықтау үшін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олардың әрқайсысына қатысты заңды шаралар қолданылатын болады», — деді Жетісу облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Павлодар облысында қайық аударылып, ер адам қаза тапты

Новости партнеров