Әдеттен тыс ұзаққа созылған жылы ауа-райынан кейін Алматы қаласында алғашқы қар жауды. 8 желтоқсан күні сағат 20:00-ден бастап Алматы қаласында 9 желтоқсанда түске дейін қар жауа бастады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Қаланың барлық коммуналдық қызметі ауа райының нашарлауына уақтылы іске кірісті.
Өткен жылдан бастап қар жауғанға дейін жолдарды сұйық реагенттермен алдын-ала өңдеу әдісі өзін дәлелдеді. Бұл тәжірибе қазіргі қар жауған кезде қолданылады.
Көктайғақ құбылыстарының алдын алу мақсатында 68 құм таратқыштың күшімен жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар себіледі.
Сағат 09:00-дегі жағдай бойынша 3620 тонна пайдаланылды.
Қалада 4 см қар жауды, Медеу мен Шымбұлақта – 6 см.
Тротуарларды, жалпы пайдалану орындарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, жер үсті өткелдерін тазалау жұмыстары жүргізілуде.
Түнгі кезеңде сыпыру-жинау техникасының сегіз колоннасының күшімен жол полициясының патрульдік машиналарының сүйемелдеуімен магистральдық көшелер бойынша қар күреу жүргізілді.Түстен кейін қар тазартылады, содан кейін қарды жаппай шығару бойынша жұмыстар ұйымдастырылады.
535 бірлік арнайы техника мен 1006 жол жұмысшысы жұмылдырылды.
Қысқы кезеңде жұмыс істеу үшін барлығы 818 бірлік арнайы техника дайындалды, 1430 жол жұмысшысы бар. мұзға қарсы материалдардың нормативтік саны дайындалды.
Қар тазалау жұмыстарының өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.
Түнгі кезеңде патрульдік полиция экипаждарының саны артты.
23 ЖКО тіркелді, соның салдарынан 3 адам зардап шекті, 20 ЖКО орын алды әрі материалдық шығынмен.Бір аптадағы ұқсас кезеңмен салыстырғанда апаттың тіркелген саны орташа деңгейден төмен, бұл ауа-райының нашарлауы туралы халықты уақтылы хабардар етумен байланысты.
Алғашқы қардың түсуіне, көрінудің нашарлауына және жолдардағы көктайғақ құбылыстарына байланысты біз тағы да автокөлік жүргізушілерін жылдамдықты төмендетуге, күрт тежелуге жүгінбеуге, қашықтықты, бүйірлік аралықты және маневр жасау ережелерін сақтауға шақырамыз. Жаяу жүргіншілер тротуарларда жүргенде абай болу керек, белгіленген жерлерде көшелерді кесіп өту керек, қарттар мен балаларға көмек көрсету керек.
"Қазгидромет" РМК болжамы бойынша орташа қар түске дейін жауады деп болжануда.Жел 3-8 м/с. Ауа температурасы күндіз минус 4 градус аязға дейін.
Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы
Оқи отырыңыз: Алматыда көктайғақтың алдын алу шаралары жүріп жатыр