|
21.09.2023 | 10:09
1651

Алматының Түрксіб ауданында 153 шақырымнан астам су құбыры салынады

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданы тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді

Алматының Түрксіб ауданында 153 шақырымнан астам су құбыры салынады astrobl.ru

Алматының Түрксіб ауданында 153 шақырымнан астам су құбыры салынады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданы тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді.

"Маяк", "Әлмерек", "Жас Қанат", "Нижняя пятилетка" шағынаудандарының және Закарпатская көшелерінің 6600-ден астам абоненті үздіксіз сумен қамтамасыз етіледі. Жыл соңына дейін Түрксіб ауданында 153,4 шақырым су құбыры салынады.

Сондай-ақ қала басшысы 79,4 шақырым кәріз желілерін салу туралы хабарлады. Асфальттың төменгі қабатын қалпына келтіру жұмыстары жүруде, жоғарғы қабатты төсеу 2024 жылдың екінші тоқсанында жүзеге асырылады. Сонымен қатар осы кезеңде "Қайрат" ш/а  ұзындығы  40 км жабдықтау және су бұру желілерінің екінші кезегін салуды бастау жоспарланған.

"Ауданның орталық бөлігінде және Әуежай көлінің ауданында 2 учаскесі бойынша сумен жабдықтау және кәріз желілерін жобалау жалғасуда", - деп толықтырды қала басшысы. 

Құрылыстың басталуы келесі жылдың екінші тоқсанында да жоспарлануда.

Оқи отырыңыз: Түрксіб ауданында 400 үй сумен қамтылады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир