|
30.11.2022 | 10:13
2477

Түрксіб ауданы мектептеріндегі орын тапшылығы мәселесі қалай шешіледі

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Е.А. Досаев Түрксіб ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтты

Түрксіб ауданы мектептеріндегі орын тапшылығы мәселесі қалай шешіледі Almaty.tv

Түрксіб ауданында 1 970 оқушы орны тапшы. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Е.А. Досаев Түрксіб ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

2022 жылдың желтоқсан айында мектептің қуатын 900 оқушы орнына дейін арттыратын № 59 мектеп-гимназия ғимаратына (Сауранбаев көшесі бойында) қосымша құрылысты сала отырып, реконструкциялау басталады.

«Бұрын айтқанымдай, келесі жылы 1050 орындық екі қосымша құрылыс (№195 - 450 орын, №198 - 600 орын) жүргізуді бастаймыз. Қазір жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр. 2023 жылдың маусым айында аяқталады», - деді қала әкімі Е. Досаев.

Сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарды жөндеу және салу жұмыстары шеңберінде №70 арнайы бөбекжай-балабақша ғимаратын сейсмикалық күшейту жалғасуда, жұмыстар 2023 жылдың наурыз айында аяқталады.

Құрылыс материалдары бағасының қымбаттауына, жұмысын адал атқармайтын мердігерлердің көбеюіне байланысты «Жас Қанат» шағынауданындағы 280 орындық балабақшаны салу жұмыстары тоқтатылды. Құрылысты 2023 жылдың ІІI тоқсанында бастау жоспарланған.

2023 жылдың қаңтар айында «Қайрат» шағынауданында 260 орындық балабақшаның құрылысы басталады.  

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир