Алматыда жәрмеңкеге қосымша қант жеткізілді

Иллюстративное фото:elements.envato.com
Иллюстративное фото:elements.envato.com
Дүкендер қантты 15%-дан аспайтын үстеме бағамен сатуға міндеттеледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда 23 шілдеде демалыс күндеріндегі жәрмеңкеге қосымша қант жеткізу ұйымдастырылды. БАҚ өкілдері көтерме қойма мен Бостандық ауданындағы жәрмеңкеге барды, деп хабарлайды Almaty.tv.


Жәрмеңкеге қосымша қант жеткізу бойынша пилоттық жобаны 16 шілдеде қалалық Кәсіпкерлік және инвестиция басқармасы «Алматы» СПК» АҚ-мен бірлесе отырып Медеу ауданында  бастаған болатын.

Екі күн ішінде (16.07-17.07) жәрмеңкеде көтерме бағасы келісіне 500 теңгеден, бөлшек саудада келісі 530 теңгеден 7,5 тонна қант сатылды. Сондай-ақ қала бойынша 185 сауда орны қосымша қантпен қамтылды, әлеуметтік дүкендерде қанттың көтерме бағасы 500 теңгеден сатылды. Дүкендер қантты 15%-дан аспайтын үстеме бағамен сатуға міндеттеледі.

23-24 шілдеде қант қалалық төрт жәрмеңкеде сатылады. Жалпы шілде айында жәрмеңкелер мен дүкендерге 100 тонна қант жеткізу жоспарланып отыр. Көтерме жеткізушілермен келісімшартқа отырудың арқасында осындай шара  ұйымдастыруға мүмкіндік туды.  Акция қаладағы демалыс күндеріндегі жәрмеңкелерде тұрақты түрде өткізілмек. Мақсат – нарықты қантпен қамтамасыз ету және тұрғындардың әлеуметтік маңызы бар өнімге сұранысын қолжетімді бағада ұсыну.

Новости партнеров